«Тағылым» жекеменшік орта мектебі
0
Желбіре,Жеңіс жалауы

  5 мамыр 2023 жылы «Тағылым» жекеменшік орта мектебінде Ұлы Жеңістің 78 - жылдығына арналған «Желбіре,Жеңіс жалауы» атты салтанатты іс-шарамыз өткен болатын.

Шараның мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Мерекелік іс-шара барысында оқушыларымыз аты аңызға айналған "Огонек","Блиндажда", "Темная ночь", "Месяц май" әскери әндерін шырқаса, "Катюша", "Синий платочек", "Смуглянка", "Ах, эти тучи в голубом", "Алые закты" сияқты соғыс жылдарындағы ұмытылмас әндерге билері керемет әсер қалдырды.

Шарамыздың соңында олар екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысына қатысушы ата-әжелерінің суреттерін қолдарына ұстап «Бессмертный полк» әнін хормен орындады. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік ағайын!