«Тағылым» жекеменшік орта мектебінің тұрғызылған жылы – 1990ж, мектептің ашылған жылы – 1999ж, негізін қалаған жылы 2003ж. Мектебіміз 2007 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Ол «ТНС групп» компаниясының президенті Төкен Танаұлы Жұмағұловтың тікелей қолдауымен ашылған. Оқу орны оқушыларға есігін айқара ашқан ұжымның біліктілігі ертеңгі ел тұтқасы болатындай білімді ұрпақты оқытуға тәжірибесі мол болу. Сондықтан мұны ескерген құрылтайшымыз мектеп басшылығына ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері, білім беру саласының үздігі, Ыбырай Алтынсарин атындағы медалінің және «Білім беру көшбасшысы» төсбелгісінің иегері Рулана Атласқызы Исенгулованы басшы ретінде шақыртты. Қазір аталмыш мектептің бастауыш сыныптарында 12, жоғары сыныптарда 12, ал мектепалды даярлық тобында 2 ұстаз дәріс береді. Мектебімізде жоғары санатты 5, бірінші санаттағы 4 , педагог-модератор -2 , зерттеуші - 3, сарапшы - 4 ұстаз еңбек етеді. Үш ұстаз «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», төртеуі Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған. Барлық мұғалімдер саны 25. Мектебімізде 382- ге жуық оқушы білім алады. Олар 1-11 сынып оқушылары және мектепалды даярлау тобы.
Мектебіміз көп ұлтты, оқушылар екі тілде, бір ауысымда оқиды. Білім ордасының материалдық-техникалық жағдайы да қазіргі заманғы талаптарға сай. Сабақтардың қызықты әрі баланың толық мағлұмат алуы үшін дәрістер интерактивті тақталар қолдану арқылы өтеді. Дегенмен, негізгі сабақтар аяқталысымен олардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында қосымша үйірмелері жұмыс істейді.
2017-2018 оқу жылының басталуында құрылтайшымыз Жұмағұлов Төкен Танаұлы мектебімізде спорт алаңын ашса, 2019-2020 оқу жылының басталуында спорт залды ашты.
Оқушыларымыз спорт саласында да, білім додасында да әр түрлі жарыстарға, сайыстарға, байқауларға қатысып, Қала, Облыс және Республика көлемінде жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Сонымен қатар оқу үрдісімен тәрбиелік шаралардың тізгінін бірге ұштастыра отырып, ұстаздар мен оқушылардың бірлескен еңбектерінің жемісін мектепте өткізілген семинарлар, конференциялар және кең көлемдегі тәрбиелік шаралар дәлел бола алады.
Қазыналы білім ордасына айналған мектебіміздің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған ҰБТ қорытындысымен жоғары көрсеткіш көрсеткен түлектеріміз бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосуда.
«Тағылым» мектебі өзінің ынтымағы мол, бірлескен негізгі құрамның арқасында қаладағы жекеменшік бағыттағы мектептердің алдыңғы қатарынан орын алған. Ата – аналармен оқушылардың жоғары пікірі мен шексіз алғыстары осыған дәлел.
Жалпы «Тағылым» жекеменшік орта мектебінің басты ұраны – заман талабына жауап беретін жаңа жетістіктерге қол жеткізіп, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу.