Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың интербелсенді әдіс - тәсілдерін пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру».
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыра отырып шығармашылыққа баулу, өз беттерімен ізденуге талпындыру, білімдерін нығайту, пәндік құзіреттіліктерін жетілдіру мақсатында жылдық жоспар негізінде интеллектуалдық сайыстар оқушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізілді.
Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау мақсатында бастауыш сынып оқушылары Қалалық «Зерде» ғылыми жобалар сайысына 5 оқушы қатысып, нәтижесінде:
- Андиров Нуриддин - 2 «а» сынып «Математика в мире информатики» - II орын;
- Карманов Николай - 3 «б» сынып «Волшебная вода. Миф и реальность» - II орын;
- Кабдулова Айлин - 3 «ә» сынып «Ешкі сүті - елеулі дертке шипа» - II орын;
- Джумабаев Есенжан- 2 «б» сынып «Старинные меры длины» - II орын;
- Жагыпаров Нартай - 2 «а» сынып «Бездомные животные» - III орын.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңіне 8 - 11 сыныптар арасында «Өлкетану» секциясы бойынша жүлделі II орын алған Мамедов Артур мен Киор Давид марапатталып, облыстық кезеңнен Алғыс хатқа ие болды.
«Ғылымға баулу мектептен басталады» - демекші мектептің абыройын асқақтатқан оқушымыз бірінші орынға ие болған Андиров Нуриддин облыстық сайысқа жолдама алды. Нәтижесінде облыстық кезеңнен жүлделі I орынға ие болып, Республикаға жолдама алды.
5 - 6 сынып оқушыларына арналған математикадан "Алтын Сақа" республикалық олимпиадасы ,"Астана дарыны" дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау орталығы ,"ZERDELI" Зияткерлік мектебімен бірлесіп 5 - 6 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" республикалық математика олимпиадасына мектепішілік кезеңге 23 оқушымыз қатысты.
Мектепішілік комиссиясының қорытындысы бойынша 5 оқушы калалық кезеңге жіберіп, нәтижесінде: 6 - сынып оқушысы Куркутова Жасмин Грамотамен марапатталды.
3 - 4 сынып оқушыларына арналған математикадан "Алтын Сақа" республикалық олимпиадасы ,"Астана дарыны" дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау орталығы, "ZERDELI" Зияткерлік мектебімен бірлесіп 3 - 4 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" республикалық математика олимпиадасына мектепішілік кезеңге 17 окушымыз қатысты.
Мектепішілік комиссиясының корытындысы бойынша 5 оқушы қалалық кезеңге жіберілді.
Қалалық кезенде оқушыларымыз тамаша нәтиже көрсетті.
- Туғанбай Іңкәр - I орын (облыстық кезеңге жолдама алды).
- Елимбаев Арман - III орын
- Оспанов Имран - III орын
- Серік Ильяс - III орын
- Киор Алина - Алғыс хат
Жалпы білім беретін мектептердің 8 - 11 сынып оқушыларына арналған республикалық лингвистикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне 10 - сынып оқушысы Рустамұлы Синар қатысып, жүлделі III орынға ие болды.
Әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы, бүгінгі күннің басты талабы. Пән олимпиадасы - оқушы білімін саралайтын сынақ. Мектепішілік пән олимпиадасы оқушылардың білім деңгейлерін анықтаумен шектелмей, олардың оқуға деген мотивациясын ояту, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілді.
Мектептегі олимпиаданың негізгі мақсаты:
- оқушының ой - өрісін кеңейту;
- оқушының пәнге қызығушылығын дамыту;
- мектепішілік, қалалық олимпиадаларда оқушының өзін көрсетуге дайындау, оқушымен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.
Осыған орай біздің мектепте де 5 - 6 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада қорытындылары 30 қараша күні мектепте жарияланып, жеңімпаздарға мадақтамалар табысталды. Нәтижесінде 9 оқушымыз қалалық кезеңге жолдама алды.
- Мирошниченко Дарья - 5 «а» сыныбы «орыс тілі пәні»
- Абасбекова Фатима - 6 «а» сыныбы «орыс сыныптарындағы қазақ тілі»
- Куркутова Жасмин - 6 «а» сыныбы «орыс тілі»
- Садыкова Нина - 6 «а» сыныбы «ағылшын тілі»
Ақпан айының 1 жұлдызында өткен қалалық кезеңде 2 оқушымыз жоғары ұпаймен облысқа жолдама алды.
1.Абасбекова Фатима - I орын
2.Мирошниченко Дарья - II орын
3.Садыкова Нина - III орын,
4.Куркутова Жасмин - Алғыс хатқа ие болды. Осылайша оқушыларымыз өз деңгейлерін көрсете алды.
Қалалық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес қараша айының 14 - де 9 - 11 сыныптар арасында Республикалық олимпиаданың І кезеңі өтіп, (мектепішілік) олимпиадаға 10 оқушы қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 7 оқушы калалық кезеңге жіберілді. Нәтижесінде:
- Мамедов Артур 9 сынып оқушысы «тарих» пәнінен - I орынға ие болып, облыста «Алғыс хатпен» марапатталды.
- Тажигарина Инкар 9 сынып оқушысы «ағылшын тілі» пәнінен - II орын,
- Бердыгужин Рухнаддин 10 сынып оқушысы «ағылшын тілі» пәнінен - III орын,
- Рустамұлы Синар 10 сынып оқушысы «тарих» пәнінен - «Алғыс хат»,
- Абдрахим Дильназ 10 сынып оқушысы «орыс тілі» пәнінен - «Алғыс хат».
Желтоқсан айының 7 жұлдызында өткен Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңіне 7 - 8 сыныптар арасындағы олимпиадаға 7 оқушымыз қатысып, ағылшын тілі пәнінен - Элс Маргарита жүлделі I орынға ие болып облыстық кезеңге жолдама алды. «Алғыс хатпен» 8 сынып оқушыларымыз Маратов Амир «тарих» пәнінен және Тажигарин Диар «ағылшын тілі» пәні бойынша марапатталды.
“Мың бала” зияткерлік орталығы Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып 2023 - 2024 оқу жылының желтоқсан - қаңтар айындағы ұйымдастырған «Мағжан оқулары» республикалық конкурсына мектебімізден 26 оқушы қатысты. Нәтижесінде: Бас жүлде - 6 оқушы, бірінші орын -15, екінші орын - 5.
Ақпан айында өткізілген 2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» республикалық математикалық олимпиаданың қалалық командалық турына 3 оқушымыз қатысып, нәтижесінде 2 кезең бойынша («Асық», «Әу, баста!») Алғыс хатпен марапатталды. Команданың мүшелері:
- Серік Ильяс - 4 сынып оқушысы
- Насыбуллина Регина - 3 сынып оқушысы
- Джумабаев Есенжан - 2 сынып оқушысы
Командалық кезеңде өзін ерекше көресете білген 2 «б» сынып
оқушысы Джумабаев Есенжан I орынды иеленді.
2024 жылы ақпан айының 21 - 24 күні өткен Ақмола облысы Щучье қаласында XIX «Зерде» Республикалық 2 - 7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының жаратылыстану - математикалық бағыты бойынша «Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы бойынша 2 «а» сынып оқушысы Андиров Нуриддин «Математика в мире информатики» жобасымен жүлдегер атанып, III орынға ие болды. Жетекшісі: Курамисова Асем Курамисовна.
Ақпаның 24 күні математика пәнінен «ZERDELI ATYRAU» олимпиадасына қалалық кезеңге 11 оқушы қатысып нәтижесінде:
3 «б» сынып Ангельчев Федор - II дәрежелі диплом
2 «а» сынып оқушысы Джумабаев Есенжан - III дәрежелі диплом
2 «ә» сынып Ізтұрған Алдияр - III дәрежелі диплом
5 «а» сынып Русланұлы Ұлан - III дәрежелі диплом
2 «б» сынып Одинцов Амир, 4 «а» сынып Оспанов Имран, 5 «а» сынып Нурбек Батырхан - Алғыс хатпен марапатталды.
Ақпан айында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқулары:
- Бимурзина Насипгуль Егежановна - «орыс сыныптарындағы қазақ тілі» пәнінен - ІІІ орын;
- Кудайбергенова Алия Сериковна - «Бастауыш сынып» - ІІІ орын;
- Канбетова Гульнур Амангельдиевна - «орыс тілі мен әдебиеті» пәнінен - Алғыс хат.
Наурыз айының 4 жұлдызында Республикалық пәндік олимпиадасының ІІІ кезенінде Мирошниченко Дарья -5 сынып « орыс тілі мен әдебиеті» пәні және Абасбекова Фатима - 6 сынып «орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша - I орынды иеленді. (Республикалық олимпиадаға жолдама алды).
“Мың бала” зияткерлік орталығы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып 2023-2024 оқу жылының сәуір - наурыз айында ұйымдастырылған «Мұқағали оқулары» республикалық конкурсына мектебімізден 48 оқушы қатысты. Нәтижесінде: Бірінші орын -17, екінші орын - 26, үшінші орын-5.
Сәуір айының 24 жұлдызында Республикалық пәндік олимпиадасының ІV кезеңінде Мирошниченко Дарья - 5 сынып «орыс тілі мпен әдебиеті» пәні бойынша «Грамотамен» марапатталды.
“Мың бала” зияткерлік орталығы Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып 2023 - 2024 оқу жылының сәуір - наурыз айында ұйымдастырылған «Абай оқулары» республикалық конкурсына мектебімізден 32 оқушы қатысты. Нәтижесінде: Бас жүлде - 3, бірінші орын - 18, екінші орын - 10, үшінші орын - 1 оқушы.