«Тағылым» жекеменшік орта мектебінде 8-наурыз Аналар күніне арналған "Адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек" атты облыстық деңгейдегі мерекелік шара өтті.
Шараның мақсаты оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру, мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
«Ана, Ана, Ана!» Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған. Тәрбиелік шарамыздың тақырыбы да осы қасиетті «Ана» есімі болды.
Бұл шараның басты ерекшелігі Атырау облысының ардагерлер кеңесі, еңбек және тыл ардагерлерінің қонақ болып қатысуы. Атап айтсақ, кеңестік және қазақ жазушысы, композитор, өнертанушы, Қазақстанның, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Еңбек ері - Жақанов Ілия; Филология ғалымдырының докторы Жүсіп Қадыр; Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Таубаев Бақтыбек; Білім саласының ардагерлері Айтиева Нұрлы мен Алтаева Дәмен; Ішкі істер саласының ардагері Байболов Есетмерген; Қазақстан Халық ассамблеясының ардагері - Асабаева Жанат, Мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Махашев Нұрпейіс пен Мурсалиева Рашиля мектебіміздің төрінен орын алды.