ЖШС «Тағылым» орта мектебінің
2024–2025 оқу жылының есебі
«Тағылым» мектебі үшін 2024–2025 оқу жылы білім мен тәрбиеде табысты, мазмұнды әрі жарқын жетістіктерге толы жыл болды. «Тағылым» мектебі – заман талабына сай білім беруге бағытталған, оқушының тұлғалық дамуын басты орынға қоятын білім ордасы. Мектеп заманауи оқу-құралдары, техникамен жабдықталған, білікті ұстаздар құрамымен ерекшеленеді. Біздің мақсат – әр баланың қабілетін дамытып, оны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
Стратегиялық бағыттар
Мектептің стратегиялық дамуы келесі басым бағыттарды қамтиды:
- Жеке оқыту траекториясы бойынша әр оқушының қабілетін ашу;
- Жаңартылған білім мазмұнын тиімді енгізу;
- Цифрлық технологиялар мен инновациялық әдістерді оқу процесіне енгізу;
- Мұғалімдердің кәсіби өсуін қолдау;
- Үш тілде білім беруді дамыту;
- Дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізу;
- Ата-аналармен және қоғаммен ашық серіктестік қатынас орнату.
«Тағылым» мектебі қалалық, облыстық білім беру жүйесінің дамуына белсенді түрде үлес қосып келеді. Мектеп оқушылары мен ұстаздары қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, аймақ абыройын арттыруда.
Сонымен қатар, педагогикалық тәжірибе мен әдістемелік жетістіктерді тарату арқылы мектеп өңірлік білім кеңістігінің көшбасшысына айналып отыр.
2024–2025 оқу жылы ішінде Тағылым мектебінің оқушылары ғылыми жобалар, пәндік олимпиадалар, шығармашылық байқаулар мен зияткерлік жарыстарда ерекше белсенділік танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
2–7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсына дарынды балаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған қалалық, облыстық ғылыми жобалар сайысына мектебізден 5 оқушы қатысты.
- Жағыпаров Нартай, Юн Эдуард (3-сынып, информатика) –
қала – I орын, облыс–II орын;
- Андиров Нуриддин (3-сынып, физика-космос) - қала -II орын;
- Болат Арлан (2-сынып, қазақ тілі) – қала – III орын;
- Нұфтолла Нұрайым (7-сынып, технология-өнер) – қала - I орын алып мектебіміздің абыройын асқақтатты.
Жалпы білім пәндер бойынша 8–11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтсақ:
- Рустамұлы Синар (11- сынып, ағылшын тілі) – Қалалық және облыстық кезең – I орын
- Гокалп Элиф (11- сынып, ағылшын тілі) – Қалалық және облыстық кезең – I орын
- Махабатолла Бекдәулет (11- сынып, құқықтану) – Қалалық және облыстық кезең – I орын.
5-6 сынып оқушыларына арналған математикадан "Алтын Сақа" республикалық олимпиадасы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен обылыстық білім беру басқармалары бірлесіп мектепішілік кезеңге 14 оқушымыз қатысты. Мектепішілік комиссиясының қорытындысы бойынша 6 оқушы калалық кезеңге жіберілді. Нәтижесінде 5-сынып оқушысы Серік Ильяс жүлделі III орынды иеленді.
3-4 сынып оқушыларына арналған математикадан "Алтын Сақа" республикалық олимпиадасы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен обылыстық білім беру басқармалары бірлесіп мектепішілік кезеңге 24 оқушы қатысып, комиссиясының корытындысы бойынша 6 оқушы қалалық кезеңге жіберілді. Қалалық кезеңде оқушыларымыз тамаша нәтиже көрсетіп 6 оқушымыз да жүлделі орын алды, ал 1 оқушымыз облыстық кезеңнен III орынды иеленді.
- Ангельчев Фёдор – қалалық I орын, облыстық кезең – III орын;
- Туғанбай Іңкәр – қалалық II орын;
- Жансагимов Кайсар - қалалық II орын;
- Юн Эдуард - қалалық II орын;
- Елимбаев Арман қалалық III орын;
- Джумабаев Есенжан - қалалық III орын.
Ақпан айында өткізілген Жалпы білім беретін 2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» математикалық олимпиаданың қалалық командалық турына 3 оқушымыз қатысып, жүлделі III орынды иеленді. Олар: Джумабаев Есенжан, Ангельчев Фёдор, Сериков Нурали.
Жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық лингвистикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне 11- сынып оқушысы Рустамұлы Синар қатысып жүлделі II орынға ие болды.
Әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы, бүгінгі күннің басты талабы.
Пән олимпиадасы – оқушы білімін саралайтын сынақ. Мектепішілік пән олимпиадасы оқушылардың білім деңгейлерін анықтаумен шектелмей, олардың оқуға деген мотивациясын ояту, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілді.
Мектептегі олимпиаданың негізгі мақсаты:
-оқушының ой-өрісін кеңейту;
-оқушының пәнге қызығушылығын дамыту;
-мектепішілік, қалалық олимпиадаларда оқушының өзін көрсетуге дайындау, оқушымен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.
«Пәндік олимпиадалар – білім бәйгесі» болып табылады. Бұл жобадада біздің оқущылар қалыс қалған жоқ. Олардың тізімін мақтанышпен сіздерге ұсынамыз:
2–4 сынып:
- Мадиұлы Арлан, Шмунк Ярослав – II орын
- Абдулмажит Салидат, Туганбай Інкәр, Усачев Максим – III орын
5–6 сынып:
- Мирошниченко Дарья (орыс тілі мен әдебиеті пәні) – Қалалық кезең – I орын, Облыстық кезең – I орын, Республикалық кезең – III орын;
- Киор Алина (ағылшын тілі) – қалалық - II орын;
- Абасбеков Али (орыс сыныптарындағы қазақ тілі) - қалалық - III орын
7–8 сынып:
- Садыкова Нина (ағылшын тілі) - қалалық - II орын;
- Бекзатова Диляра (орыс тілі мен әдебиеті) – қалалық - I орын, облыстық кезең - II орын;
- Абасбеков Фатима (орыс сыныптарындағы қазақ тілі ) – қалалық - I орын, облыстық кезең - II орын
9–11 сынып:
- Куркутов Амир (математика) – қалалық - II орын;
- Адилжанова Амира (математика) – қалалық - I орын;
- Тажигарина Інкәр – (ағылшын тілі) – қалалық - III орын
Мыңнан тұлпар болып, «Атырау қаласының 100 үздік оқушысы» сайысына қатысқан жеткіншектеріміз де марапатқа ие болды. Білім мен тәрбиенің үлгісі болған оқушылар:
Ангельчев Федор, Елимбаев Арман, Көпжан Айгерім, Пак Максим, Насыбуллина Регина.
Ақпан айында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қазіргі білім берудегі жасанды интеллектің рөлі: мүмкіндіктері , бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқулары өтті.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп данышпан Абай
атамыз айтқандай бұл оқушылардың жетістігі - мұғалімнің жемісі. Сонымен қатар, мектебіміздің ұстаздары да кәсіби деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Олар қалалық байқаулар мен педагогикалық оқуларға белсене қатысып, Алғыс хаттар мен жүлделі орындарға ие болды.
- Танатарова Бактыгүл Бауыржанқызы - бастауыш сынып мұғалімі «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2024» қалалық кезеңі - ІІ орын;
- Хисметова Назерке Шныбековна бастауыш сынып мұғалімі «Алтын тұғыр» олимпиадасының қалалық кезеңі - ІІ орын;
- Канбетова Гульнур Амангельдиевна –орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, қалалық педоқу жүлделі - ІІ орын;
- Усланова Бибинур Рашидовна - ағылшын пәні мұғалімі, қалалық педоқу жүлделі - II орын;
- Токкужина Гаухар Сабитовна - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, қалалық педоқу жүлделі - III орын;
- Кенжегалиева Елена Анатольевна –музыка пәні мұғалімі, қалалық педоқу «Алғыс хат»
Мектебіміздің барлық жетістігі – бірліктің, мақсаткерліктің, ізденістің және кәсібиліктің нәтижесі. Біз тек қана бүгінмен емес, ертеңмен өмір сүреміз. Болашаққа бағытталған білім – ел болашағының кепілі. «Тағылым» мектебі үшін бұл оқу жылы мақтанышпен айта алатын нақты жетістіктерге толы болды. Біз келесі оқу жылында бұдан да жоғары белестерге қол жеткізуді мақсат тұтамыз. Ынтымақты ұжым, білімге құштар оқушы және сенімді ата-ана – біздің мызғымас тірегіміз.









